Сұлтанмахмұт Торайғыров

(1893—1920 жж.)

Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы

Өмірбаяны

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.)

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туылған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Әкесі Шоқпыт ( шын аты Әбубәкір) ұлын өзі арабша хат танытып, сауатын ашқан.

Ауыл молдасы Мұқаннан дәріс үйреніп, сол кісінің өнегесімен 13 жасынан өлең, әңгімелерін жаза бастады. Оның тұңғыш өлеңі «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» деп аталады.

Өкінішке орай, оның кейбір еңбектері, Баянауылдағы молда Әбдірахман медресесінде күнә деп есепте-ліп, жоғалып кеткен. 1911 жылы Сұлтанмахмұт Троицкіден келген Н. Таушыбаевтың шәкірті болады. Оқытудың озық әдістерін жақтаушы Нұрғали шәкірттерін жаратылыстану, тарих ғылымдарынан хабардар етіп, мерзімді баспасөзге деген қызығушылықтарын арттырады.

Сұлтанмахмұт қалада оқуын әрә қарай жалғастыруды армандайды. Бұл жайында ол өз өлеңдерінде де жазды. «Оқып жүрген жастарға», «Талапты-ларға», «Оқудағы мақсат не?» өлеңдерінде, «Зарлану» атты публицистикалық мақаласында жастарды білімге, мәдениеттің биік шыңын меңгеруге шақырады. 1912 жылы Троицкідегі медресеге түседі. Оқуға түстім, енді бар арманыма жетемін, халқыма ай емес, күн боламын деп шаттанған ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңін жазады.

Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқи алмайды, денсаулығына байланысты тастап кетуге мәжбүр болады. 1912-1913 жылдары ол емделе жүріп жұмыс істейді. Осы кездері жазылған «Қандай?», «Анау-мынау», «Шығамын, тірі болсам, адам болып», «Түсімде», «Бұлар кім?», «Кешегі түс – бүгінгі іс» атты шығармалары әлеуметтік ойы тереңдігімен ерекшеленеді. Зұлымдық пен әділетсіздікті әшкерелей отырып, қазақ халқының жарқын келешегінен үміт үзбейді. Осы жылдары жазған «Түсімде кірген бір аянышты хал» атты өлеңінде Торайғыров алғаш рет қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы мен тағдырын өзек етіп көрсетеді. Бұл тақырып кейіннен оның шығармашылы-ғында басты орын алды.

1913жылы жазда Торайғыров Троицкіге жақын қазақ ауылында бала оқытады, ал күзде, қалаға қайтып оралады. Троицкідегі бұл кезде «Айқап» атты демократтық бағыттағы, қазақ халқы үшін аса көп прогрессивті істер атқарған журнал шығып тұратын. Ақын «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасады. Журнал беттерінде алғаш рет ақын, әдеби сыншы ретінде көріне бастайды. Бірақ, өзінің әрі ізденіп оқығысы келгендігінен, әрі ымырашылыққа төзбейтін, бетке айтар өрлігі әсерінен ақын, публицист болып қалыптасқан С. Торайғыров «Айқап» редакциясынан кетеді.

1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт Баянауылға қайтады. Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып, қаржы жинап алып, үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады. Осы оймен ол елде бала оқытады; ел жастарын оқытпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі. Бұл үшін «Шоң серіктігі» деп ат қойып, мәдени-ағарту ұйымын ашады.

Сол жылы күзді күні Сұлтанмахмұт Семейге барады. Мақсат – орысша оқуға түспек. Бірақ, «қайда барса – Қорқыттың көрі» дегендей, тағы да сәтсіздікке ұшырайды; тиісті мектепке түсуге білімі жетпейді, кісі жолдап, керегін оқуға қаржысы болмайды.

Шарасыздық билеген Сұлтанмахмұт 1916 жылдың күзіне деін Қатонқара-ғай, Зайсан жағында болып, бала оқытады, сәті түсіп, мүмкіндік туған жерде оқытушы жалдап, өзі орысша оқиды. Елде жүргенде ақын бірсыпыра шығар-ма жазады, оның ең көрнектісі – «Кім жазықты?» деген өлеңмен жазылған романы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1916 жылдың күзінде Томскіге барып курсқа кіреді. Орта мектепке даярланады. Оқуға аса зор ынта, ерен құштарлықпен кіріседі. Тиісті сабақтарынан өзге орыс халқының классикалық әдебиетін, тарих, философия, жағрапия кітаптарын көп оқиды.

1917 жылдың наурыз айында Ресей буржуазиялық-демократияшыл ақпан төңкерісі болып, уақытша өкімет орнаған кезде, ел ішінде болу ойымен Сұлтанмахмұт Торайғыров Семей қаласына келеді. Онда Сұлтанмахмұт қазақтың сондағы алашордашыл бағыттағы оқырмандарның арасына кіріп, олардың қазақ комитеті деп аталатын ұйымына кіші хатшы болып қызметке алынады. Күні кешеге дейін «ұлтшыл» деген «күнәдан» арыла алмай келген «Сарыарқа» газетіне өлең, мақалаларын жазып тұрады. Ауруы асқынып кет-кендіктен, ол бұл жұмысын да тастайды. 1918 жылдың наурызында еліне оралады.

1920 жылдың 21 мамыр күні көкірек ауруынан қайтыс болады. Бұл кезде ол небәрі 27 жаста еді. Ақынның бейіті Баянауылда.

Еңбектері


Шығармалары:

«Адасқан өмір»

Оқу

«Кедей»

Оқу

«Қамар сұлу»

Оқу

«Жарқынбай»

Оқу

«Кім жазықты»

Оқу

Хаттары:

Құрметті Шәйбай туысқаным

Оқу

Құрметті басқарушы

Оқу

Басқарушы мырза

Оқу

Айқап басқармасына хат

Оқу

ОЧЕРКТЕР

Қазақ ішінде оқу оқыту жолы қалай?

Оқу

Өлең һәм айтушылар

Оқу

Ауырмай есімнен жаңылғаным

Оқу

Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан

Оқу

Жазықсыз тамған қан

Оқу

ӨЛЕҢДЕР

АЙТ

Оқу

ДІН

Оқу

КЕДЕЙЛІК

Оқу

ОҚУ

Оқу

ОҚУДА МАҚСАТ НЕ?

Оқу

САРЫБАС

Оқу

Оқып жүрген жастарға

Оқу

Талиптарға

Оқу

Ендігі беталыс

Оқу

Анау-мынау

Оқу

Мағынасыз мешіт

Оқу

Жарлау

Оқу

Достыма хат

Оқу

Шығамын тірі болсам адам болып

Оқу

Түсімде

Оқу

Жазғы қайғы

Оқу

Қымыз

Оқу

Кеше түндегі түс, бүгінгі іс

Оқу

Ләнет бұлты шатырлап

Оқу

Алты аяқ

Оқу

АҒАЙЫННЫҢ АЗҒАНДЫҒЫ

Оқу

Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын

Оқу

АРМАНЫМ

Оқу

АСЫЛ СӨЗ

Оқу

БАЙЛЫҚ

Оқу

БАЛАЛЫҚ ЖАСЫМ ӨТЕСІҢ

Оқу

БАЛАЛЫҚ КҮН

Оқу

Барлық ісім қырын қарап

Оқу

БІР АДАМ КӨП ЖАСАДЫ ЖЕР БЕТІНДЕ

Оқу

БІРЕУ БАЙ, БІРЕУ ЖАРЛЫ

Оқу

ДОЗАҚ

Оқу

Ж...

Оқу

ЖАЛЫНУ

Оқу

ЖАН ҚАЙДА ӘДІЛЕТТІ ІЗДЕЙТҰҒЫН

Оқу

ЖҮРЕК

Оқу

ЖҰМАҚ

Оқу

ЖҰМБАҚ

Оқу

ЖЫЛЫ КЕШ

Оқу

ИТАРШЫҒА

Оқу

КӨҢІЛІМ, НЕГЕ ЖАСИСЫҢ?

Оқу

КҮҢШІЛ АҚ КІРПІК

Оқу

Қ...ҒА СӘЛЕМ

Оқу

ҚАЙҚЫ ҚҰЙРЫҚ, ШҰБАР ҚЫЗ, ІСТІК МҰРЫН

Оқу

ҚАНДАЙ БАСШЫ

Оқу

ҚАРАҒАЙ ДА ҚАЙҒЫРЫП

Оқу

ҚОЖЕКЕ, КЕЛДІҢІЗ БЕ КӨҢІЛІМ СҰРАЙ?

Оқу

ҚОС ҮЙ

Оқу

ҚЫЗЫ БАР ЖАЛҒЫЗ ҮЙДЕ ЖЕКЕ ЖАТҚАН

Оқу

ҚЫЗЫҚ ҚАНДАЙ АДАМДЫ ҚЫЗДЫРАТЫН

Оқу

МҰҚЫШҚА

Оқу

НАМАЗ

Оқу

АҚ СӘУЛЕ

Оқу

. . . . ҒА

Оқу

ӘКЕЛШІ

Оқу

Келді хатың, мен шаршап

Оқу

КҮҢГІРТ ТҮСПЕН ОЙҒА БАТЫП

Оқу

МАҢАЙЫМНАН ӘРМЕН КЕТ

Оқу

МЕЙІРІМСІЗ АЖАЛ

Оқу

МҰҢДЫЛАРДЫҢ ЖОЛЫҚҚАНЫ

Оқу

НЕГЕ ЖАСАЙМЫН?

Оқу

ОРАЗА

Оқу

ОРАМАЛҒА

Оқу

ОРНЫМЫЗ МЕДРЕСЕ ОҚЫП ЖАТҚАН

Оқу

ӨМІРДІ ҮЗІП АЛУЫ

Оқу

ПАРТИЯШЫҒА

Оқу

СЕКІЛДІ ӨМІР ҚЫСҚА, ЖАРТЫ ТҰТАМ

Оқу

СОҒЫСТЫҢ КЕСІРІ

Оқу

ТӨРЕ КӨРСЕ ЖАЛАҢ БАС ШҰЛҒЫП, БИЛЕП

Оқу

Түспейді жазсам жазу қара тасқа

Оқу

ҰЛТ

Оқу

ШЫНЫ ОСЫ

Оқу

Нешелер көз жасы төгілді

Оқу

Қандай

Оқу

АРАБШАДАН

Оқу

БІР БАЛАНЫҢ ТІЛЕК БАТАСЫ

Оқу

АЛҒЫС

Оқу

АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН

Оқу

ЕКІ ТЫШҚАН

Оқу

Көк өгіз

Оқу

ДОСТЫМА ҰМЫТПАСТЫҚ ҮШІН ХАТ

Оқу

ТҮСІМДЕ КӨРГЕН БІР АЯНЫШ ХАЛ

Оқу

СОҚЫР АҒАШ

Оқу

БҰЛАР КІМ?

Оқу

КӨҢІЛДІ КӨНДІРЕТІН ТАҒДЫР

Оқу

БІР БАЛУАНҒА ҚАРАП

Оқу

МІНЕ, АЛАҚАЙ!

Оқу

ШӘКІРТ ОЙЫ

Оқу

ЖАҚСЫЛЫҚ КӨРСЕМ ӨЗІМНЕН

Оқу

АЛЬБОМНАН

Оқу

ЖАПЫРАҚТАР

Оқу

БАҚЫТ

Оқу

«Сөзімен баға бермес бұл халыққа»

Оқу

КЕШ

Оқу

КЕШЕГІ КҮНДЕЙ ТҮСТІ БҰЛТ БАСҚАН

Оқу

«ШОҢ» СЕРІКТІГІН АШАРДАҒЫ ТІЛЕК

Оқу

«ШОҢ» СЕРІКТІГІН АШАРДА «ШОҢ» СЕРІКТІГІ ТУРАЛЫ

Оқу

Бұл баяндаманың арты мынадай сөзбен тынады

Оқу

Күнделік дәптерінен

Оқу

ДОСТЫМА

Оқу

МҰНЫҢ АТЫ ӨШ АЛУ

Оқу

ДҮНИЕДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫҢ

Оқу

Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ

Оқу

ҚҰЛАҒЫМ БІТЕЛГЕН ЖОҚ

Оқу

М....ҒА

Оқу

Дәл осы көзім көрген қыздың жайы

Оқу

Тұрмысқа

Оқу

Бір адамға

Оқу

Туған еліме

Оқу

Сымбатты сұлуға

Оқу

Қыз сүю

Оқу

Гүләйім

Оқу

Өмірімнің уәдесі

Оқу

Жан қалқам

Оқу

Гүл

Оқу

Жас жүрек

Оқу

Сарыарқаның жаңбыры

Оқу

Жүрегім тулап шабасың

Оқу

ЕЙ, МАХАББАТ! ЕЙ, ДОСТЫҚ!

Оқу

ОСЫ ДА ӘДІЛДІК ПЕ?

Оқу

Есімі - ел есінде

Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Оқу

Ак. Сәтпаев көшесінде ақын С. Торайғыровқа ескерткіш орнатылған

Оқу

С. Торайғыровтың атымен Павлодар қаласында көше аталған

Оқу

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Оқу

Торайғыр көлі Баянауыл ауылы маңында орналасқан

Оқу

Фотомұрағат

Естеліктер