«ШОҢ» СЕРІКТІГІН АШАРДА «ШОҢ» СЕРІКТІГІ ТУРАЛЫ

«ШОҢ» СЕРІКТІГІ ТУРАЛЫ

КӨПКЕ ІСТЕГЕН БАЯНДАМАНЫҢ БАСЫ:

Мынау жол, Шоң баласы, адамдыққа!

Сіздерді бастамайды жамандыққа.

Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,

Пайда жоқ, құрып қалғыр надандықта!

Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,

Жұрт үлгі алатындай болсын бір іс!

Әрі аруақ, әрі құдай ырза емес,

Өзіңді өзің жарсаң, тауып кір іс...