Алты аяқ
Тұңғиық түпсіз ашулы
Асау теңіз толқыған.
Бойымды топырақ басулы,
Жүре алмаймын жол тұман.
Теңізден қайтып өтермін?
Түссем, батып кетермін!
Алдымдағы өлімнен,
Міндім қайық көз жұмып.
Адастық қазір жөнімнен,
Қайығым да һәм сынық.
Айрылдым және күректен,
Тек жан шықпай жүректен.
Ызғарлы суық, үсті мұз,
Толқын тулап соғады,
Қатты көңіл қайрымсыз,
Су қайыққа толады.
Енді өлмеген не қалды,
Қоясың қайда бұл жанды?
«Талқандаймын тәніңді!
Деп қамалар су халқы.
Қия алмастан жанымды,
Жыладым сонда мен жалқы.
Ем іздеп детті халыққа,
Жем болдым - ау балыққа.
Таудай толқын тағы кеп,
Ұшты қайық аспанға,
Әзірейіл тұр «болшы» деп,
Қайда барам қашқанда?
Жан таластым тұншығып,
Бір батып суға, бір шығып.
Міне сол уақытта:
Алтайдан бір тал білмеймін.
Түсті неғып қолыма?
Кез қылды ма құдайым,
Ажалсыздың жолына.
Талдан ұстап қармалап,
Судан шықтым «аллалап».
Суық өткен, шаршаған,
Бола ма, адам, болмай ма?
Соққы жеген қаншадан,
Дауасы яки қонбай ма?
Дауа тегін, ем тегін,
Қайтарт алла, еңбегін.