ҚАЗАҚ ІШІНДЕ ОҚУ ОҚЫТУ ЖОЛЫ ҚАЛАЙ?
Қазақтың кай жерінде болса да молда таралмаған, аз-аздап болса да төте оқу жайылмаған жер жок есебінде. Сол молда атанған адамдарымыз мейлі ескі жолдың қу мүйізді, құлқын өңештілері болсын, мейлі жаңа жолдың жарып салма, жарық ойлы, ғылым, педагогиканы судай ағызатын азуы алты қарыс атақтылары болсын қазіргі қалпында қазақ ұлтына пайда тигізіп ғылым, өнер шашудың қиындығы іштен тума соқырдың көзін ашу секілді орайы жок өткелсіздеу көрінеді. Міне, бұған қазақтың қазіргі молда ұстау формын көрсетемін. Міне, сен оқыту жөнінен жақсы ғана хабарын бар, жақсы жерлерден тәртіп, тәрбие алған молдасың. Ал сені келді де қазақ мырзалары: «Мектеп басың мынадай... бір жерде екі-үш ауылмыз, оқитын бала маңайымызда адам айтар емес, көп, кемпір-семпір жығылып калса тағы өз бакытың» деп апарып, алдыңа 15—20 бала жиып беріп те қойды. Ал енді қалай оқытуға керек? Бұлардын саны қанша болса, сабақтары да сонша басқа-басқа, әркайсынікі әр түрлі. Балаларының жайын түсіндіріп реттеймін деуге көне қоятын
қазақ па?! Бірінің баласы жүйрік, бірінікі жорға, бірінікі шабан. Бәрінің бастарын қос ұстайын десең, істің түбі жаманға айналатын болған соң амалың бар ма? Онда да жігерлі болсаң, балалардың әке-шешелерімен талай қызыл кеңірдекке келісіп, ең азы алты-жеті бөлімге бөліп оқытуға көндіре алсаң сол. Осы күні қазақ ішіндегі молдалардың колында жет бөлімнен кейін шәкірт жоқ. Себебі: бір тәртіпше бірінші бөлімнің балаларын ата-анасының разы болмағандығынан, я бір уақытта жиналмағандығынан екі-үш бөлім қылып оқытуға тура келеді. Олай болғанда әрбір бөлім басына күніне екі мезгіл оқытқанда ең азы үш түрлі сабақ үйретуге керек. Бөлім басы үш сабақтан күніне жеті бөлімге 21 сабақ болады. 21 сабақты жақсылап үйретуге 21 сағат уақыт керек. Міне, сонда мейлің бұлбұл бол, мейлің дүлдүл бол, 21 сағаттың жартысы 10 сағат оқытатын шамаң бар ма? Жоқ. Оған сен де, балалар да, мырзаң да шыдамайды.
Алдыңа келген баланы қуып жеңілейтуге шам тағы ғы жоқ, онда мүлдем қаражүз атанып елден қуыласың, әрі жөндеп оқытуға шамаң келмесе, әрі шамаңның жоқтығын айтсаң, бұ күнің өзіңе көп болатын болса, «күл болмасаң, бұл бол» деп тез-тез суыл; атып бірін-біріне тіркеп, ескі ку мүйіздердің ар жағында су мүйіз болмағанда қайтесің? Және сенде ұят деген нәрсе тағы бар, ол сенің бұл ісіңе разы болып тыныштық бере қоя ма? Өз ісіңнен өзің жиіркеніп балалардың алдында кісі өлтіріп қылмысты болған кісі секілді амалсыз байлауда тұрғандай болып отырмайсың ба? Әрине, солай. Менің түсінуімше, қазақ ішіне окудың таралмауы, таралса да ілгері баспауының бірінші себебі: молдалардың үйрете білмегендігінен емес үйрету тізгінінің ңолдарына берілмей, осындай бәлелерге ұшырауларынан деп білемін. Биыл газеттерде әлденеше рет жазылды: «Қазақ оқығандары өз жұртының баласын оқытуға арланады. Бойына теңгермей ақымақтық қылады» деп. Олар неге ақымактық қылсын, олардың, көбі ел-жұртымның табанына қадалғанын маңдайыма қадаймын деп жүрген талапкерлер.
Бірақ қызмет қыла бастаса, әлгідей бәлелерге жолығып, зәрезап болғандықтан қашады. Онан қашқанда басқа орынға сіріп төре боламын демейді, жалшылықпен күнелтсе де жұрт баласын өз қолынан бүлдіруге беті шыдамайды да, көзіне күйік қылғанша, бой таса қылып өлгісі келеді. Қысқасы, біздің қазақ халқына тұрған молданың мисалы мынау секілді. Бір кедей адам базарға жалғыз атын сатады. Аттың бағасындай екі есе борышы болады. Оның үстіне бала-шағаларына киім, тамақ керек, анаған айна, мынаған тарқ керек, біріне болса, бірі жоқ, қайтерін білмей бишараның басы дал болмай ма? Біздің мұғалімдеріміздің басына түскен жүк тап осыдан кейін емес. Осы жүкті жеңілейту жағын қарастыру керек.