ҚАНДАЙ БАСШЫ

Қазаққа басшымыз дер шляпалар,

Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.

Істеген он тиындық еңбегі жоқ,

Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?

Өзі үшін бір қалаға барып келсе,

Керек-жарақ нәрсесін алып келсе.

Одан артық басшыны қазақ таппас,

Шығынын он есе ғып салып келсе.

Газет-журнал басшыны мадақтаса,

Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,

Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,

Аңшының итіндей боп алақтаса.